Нұрлан Еспановтың ұлы некесін қидырды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Жақында сүйіктісіне ұсыныс жасаған әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов мешітте ақ некесін қидырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олжас Еспанов қуанышты сәті жайлы әлеуметтік желіде жазды. Сондай-ақ әншінің ұлы неке қию үшін арнайы әдемі датаны таңдаған. Блогердің некесін белгілі дінтанушы қиды.
"Бүгін некемізді Ерлан Ақатаев ұстаз қиды. Алла разы болсын ұстаз! Қайырлы, берекелі неке болғай!", – деп жазды ол.
-
"Бір жылда 7 көлік алмастырдым": Нұрлан Еспановтың ұлы табысты болудың құпиясын бөлісті
-
"Аяқтан шалып, бір адамның өмірін құртты": Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қыздарға интим хаттар жазбағанын айтып, ақталды
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
“Мұңсыз өмір болсын!”, “Алла Тағала сіздерге береке берсін, сіздерге игілік береке жаудырсын және екеуіңізді жақсылықта бірге етсін”, “Құтты болсын!", "Бақытты болыңдар", "Түрлерің бір-біріңе ұқсайды екен", "Қадамдарыңызға гүл бітсін!", – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қызға интим хаттар жазып, басы дауға қалған еді.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
