Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Еспановтың ұлы қайырымдылық жасап, қатерлі дертпен ауыратын балаларға көмектесуді қолға алды

Нұрлан Еспановтың ұлы үлкен істі қолға алып, қайырымдылық жасап жүр. Ол онкологиялық аурумен ауырған балаларға көмектесетін жобаны қолға алды. 

Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды.

Нұрлан Еспановты ұлы үлкен істің бастамашысы болды. Олжас онкологиялық аурумен ауыратын балаларға көмектеспек. Ол досымен бірге "Менің арманым" атта корпоративтік қорын ашып, қайырымдылықпен айналысуда. 

"Бұл досымның идеясы еді. Екі жыл бұрын "Армандар орындалады" деген жоба еді. Бірақ іске аспады. Екі жылдан соң қайта қолға алдық. Ол кезде кез келген адамның арманын орындайтын жоба болды. Қазір іріктеп, ауру халдегі балаларға көмектесетін жоба етіп өзгерттік. Елімізде онколоиялық аурумен ауыратын балалар саны 10 мыңнан асқан. Солардың барлығының арманын орындағымыз келеді", - деді Олжас Нұрланұлы. 

Оқуын аяқтап, жұмысына білек сыбана кіріскен Олжас Еспанов үйленуге асықпайтынын айтады. Алайда ер жеткен азаматтың ата-анасы келін әкелуге қолқалап жүр екен. 


Нұрлан Еспанов: Ұлым өзге ұлттың қызын аламын деді, мен келісімімді бермедім


"Әке-шешем күнде айтады. Шымкенттің қызын әкел деп айтады. Бұйырғаны болар. Биыл карантин болып жатыр. Келесі жылы үйленсем деп жоспарлап отырмын", - деді ол.

Олжас Еспанов ауру балалардың ғана емес, өз әкесінің де арманын орындағысы келеді. 

Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжан әкесі туралы фильм түсіріп, көпшілікке ұсынған еді. Ал Олжас Еспанов әкесі жайлы деректі фильм түсіруді қаламайды. Оның жеке концертін өткізуді жоспарлап жүр. 

"Әкем жеке концерт беруді армандап жүр. Мен де сол арманын орындауға көмектессем деймін. Асылжан секілді деректі фильм түсіруге де болады. Алдымен концерт өткізгеніміз дұрыс шығар", - деді Олжас. 

Кіші Еспанов Асылжанмен достық қатынаста екенін айтып қалды. Бірлесіп жұмыс істеп, шығармашылық байланыстың болғанын жасырмайды. Одан бөлек Сәкен Майғазиевтің ұлымен достық қатынаста екен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр