Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды

Актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасына басшылық қызметке келді. Ақпаратта Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі растады.

Нұрлан Әлімжан актер, әнші, композитор, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол «Көшбасшы жолы» кино эпопеясындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған соң танымал болды.

1984 жылы 29 сәуірде Қазақ КСР, Ақмола облысы, Бурабай ауылында дүниеге келген. Актердің әкесі, қазақ ақыны, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов.



Актер Орта мектепті бітіргеннен кейін Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқуын жалғастырды. Оқу кезінде де Нұрлан Әлімжанов Жастар театрының спектакльдерінде ойнай бастайды.

«Ағайындылар» телехикаясындағы Қуаныштың рөлі актерге танымалдық әкелді. Нұрлан Әлімжанов Қазақстанда әнші және композитор ретінде танымал. 

Әлімжанов 2019 жылдың 16 тамызынан бастап - Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты.

Талқылау