Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атанды

Еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов Албанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Париж олимпиадасына жолдама алу үшін 74 келі салмаққа көтерілген Нұрқожа Қайпанов Тиранада олимпиадалық емес салмақта өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 70 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы белдесуінде израилдік балуанды, екінші айналымда молдовалық балуанды айқын басымдықпен ұтты. Ал ширек финалда грузиялық Акаки Кемертелидзені 12:2 есебімен ұтып, жартылай финалда Тәжікстанның намысын қорғайтын дағыстандық Абдужамид Кудиевті 13:2 есебімен жеңді. Финалда жапон балуанын 6:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Осылайша, Нұрқожа Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды. Сондай-ақ Қазақстан еркін күрес тарихындағы екінші әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2109 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында да финалға шығып, дәл осы салмақта күміс жүлдегер атанған еді.

Даурен Түлкібай
Бейсенбі, 31 Қазан, 2024 22:22
Талқылау