Нұрқан Сәдуақасов санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы болып тағайындалды
Нұрқан Сәдуақасов денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады премьер- министрдің баспасөз қызметі.
Нұрқан Сәдуақасов 1971 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Атбасар қаласындағы Атбасар аудандық СЭС санитарлық бөлімінің бастығы болып бастады.
1999-2000 жылдары - Атбасар аудандық СЭС бас дәрігері.
2000 жылы Ақмола облысы облыстық СЭС бас дәрігерінің санитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2001-2009 жылдары Ақмола облыстық Көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2009-2014 жылдары - денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
2014-2017 жылдары - Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің техникалық регламенттер талаптарының және санитарлық-гигиеналық шаралардың сақталуын бақылау басқармасының басшысы.
2017-2019 жылдары – денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019-2020 жылдары - денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылдан осы уақытқа дейін денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.