Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұралы Әліп "Зенит" клубының капитаны ретінде алғаш рет алаңға шықты

Фото: instagram.com/zenit_spb

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Санкт-Петербургтің "Зенит" командасының қорғаушысы Нұралы Әліп алғаш рет ресейлік клуб сапында капитандық міндетті атқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл оқиға Ресей кубогының топтық кезеңіндегі матчта тіркелді. "Зенит" Грозный қаласында жергілікті "Ахматпен" кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Дәл осы ойында мәскеулік команданы жасыл алаңға капитан ретінде Нұралы бастап шықты.

Ал "Ахмат" сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ойынға қатысты.

Өз кезегінде "Зенит" клубының баспасөз қызметі Instagram парақшасында: "Зенит" тарихындағы алғашқы қазақстандық капитан" деп жазба қалдырды.

Еске салайық, Нуралы Әліп Санкт-Петербургтің "Зенит" клубына 2022 жылдың қаңтарында ауысты. Ол алматылық "Қайрат" сапынан 2 миллион еуроға трансферленген болатын. Қорғаушының "Зенитпен" жасасқан келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды.

Әліп ресейлік клуб сапында бірнеше ірі жетістікке қол жеткізді. Ол "Зенитпен" бірге екі мәрте Ресей чемпионы (2022, 2023), Ресей суперкубогының екі дүркін иегері (2022, 2023) атанды.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 11:51
Талқылау
`