Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұралы Әліп Ресей кубогінің финалында жеңіс голын соқты

Жақында ғана "Зенит" сапында Ресей чемпионы атанған Нұралы Әліп Ресей кубогінде де жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Зенит ФК

Нұралы Әліп Ресей кубогінің суперфиналында жеңіс голын соқты. "Зенит" пен "Балтика" командалары арасында өткен матчтың 95-минутында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы соққан гол “Зенитке” сыйланды. Мәскеудегі "Лужники" стадионында ойынның негізі уақыты тең аяқталған. Төреші қосқан қосымша минутта Нұралы Әліп Санкт-Петербург командасына жеңіс сыйлады. Сөйтіп Нұралы "Зенит" сапында ресми ойындағы алғашқы және жеңіс голын соқты. 

Айта кетейік, Нұралы Әліптің командасы бұл маусымда алтын дубль істеді. Команда осыған дейін Ресей чемпионатын жеңіп алған еді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 03 Маусым, 2024 10:34
Талқылау