Нұралы Әліп Қазақстан құрамасының капитаны болып тағайындалды
Фото: KFF.KZ
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында жаңа капитан анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қорғаушы Нұралы Әліп енді командадағы көшбасшылық тізгінді ұстайды.
Жаңа шешім 4 қыркүйекте Астанада өткен әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңіндегі Уэльспен ойын алдында жария етілді.
Осы кездесуде бастапқы құрамда Анарбеков, Қасым, Малый, Әліп (к), Қайров, Оразов, Қасабулат, Вороговский, Сатпаев, Кенжебек және Самородов алаңға шықты.
Капитандық мәртебе Асхат Тағыбергеннен кейін бос қалған еді. Ол 9 маусымда өткен Солтүстік Македонияға қарсы (0:1) ойыннан соң ұлттық құрамамен қоштасқан болатын.
Еске салайық, Тағыберген Қазақстан сапында 63 матч өткізіп, үш гол соғып және жеті нәтижелі пас берген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

