Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретханаға турникет арқылы: Нұр-Сұлтанның теміржол вокзалындағы ақылы дәретханалар жұртты ашуландырды

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Нұрлы жол" халықаралық теміржол вокзалында дәретханаға өту үшін арнайы қойылған турникеттер желіде талқыға түскен еді. Теміржолдағы дәретханалар расында ақылы ма?  Stan.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамынан сұрап білді.  

астана

Facebook желісінде тараған видеода "Нұрлы жол" теміржол вокзалының дәретханаларына өту үшін арнайы қойылған турникеттер көрсетілген. Желі қолданушылары бұл жағдайға өз қарсылықтарын білдіріп пікір қалдырған. 

"Бұл барлық санитарлық нормаларды бұзу. Вокзалда дәретхана тегін болуы керек. Санэпидқадағалау қайда қарап отыр", "Сұмдық, қандай ұят! Елге келген туристердің алдында бұл масқараны қалай түсіндіреміз?", "Билеттердің қымбат екенімен қоймай, енді дәретханалар арқылы қалталарын қампайтайын деді ме?", "Халықтың ақшасын барлық жерден сыпырып алғысы келеді. Одан да тазалықты реттемей ме?" - деп жазды желі қолданушылары. 

Осыған жағдайға байланысты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы үнсіз қалмады.

"Нұрлы жол" вокзалында 12 дәретхана орналасқан. ҚР инвестициялар және даму министрінің темір жол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес теміржол вокзалының класына байланысты ақылы түрде қосымша қызметтер ұсынылады, оның ішінде тегін қоғамдық дәретханалар да болады. Осы ережелерді басшылыққа ала отырып, вокзалда тегін және ақылы дәретханалар бар.

Тегін дәретханалар келу залында орналасқан, сондай-ақ 2 дәретхана күту залдарында 1 қабатта орналасқан. 4 және 5 қабаттардағы 4 дәретхана ақылы, бірақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тегін", - деп жауап берді "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, "Нұрлы жол" вокзалындағы ақылы дәретханаларды пайдалану 50 теңге тұрады. 

 

Талқылау