Нұр-Сұлтанның инклюзивті қоғамдастығы BINOM мектептерінің тұжырымдамасымен танысты
Жақында мәслихат депутаттары халықаралық деңгейдегі инновациялық мектептерде инклюзивті білім беруді енгізу мәселесін көтерген еді. Халық қалаулылары жобаны мақұлдау кезінде құрылыс жүргізуші ұйымнан ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүдделерін ескеруді сұрады. Отырыс негізінен осы мәселелердің төңірегінде өрбіді. Өз кезегінде BI Group компаниясы "Общество детей-инвалидов г. Астана", "Мир равных возможностей", "Центр семейного успеха", "Мама Про", "Молодежное общество инвалидов", "Ана құшағы", "КАМЕДА", "Co Make", "Общество инвалидов TIFLOSMART" и "Ерекше балалар" және "Ерекше балалар" инклюзивті қоғамдастық өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, болашақ нысанның тұжырымдамасымен таныстырды.
Насиха Жолдыбалинова - ерекше қажеттіліктері бар қыздың анасы. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда көру қабілеті бұзылған немесе мүлдем көрмейтін балалар оқитын мектеп-интернаттар жоқ. Сондықтан да ол жалпы білім беру ұйымының стандарттары сай келсе, баласын BINOM мектебіне қуана-қуана жіберетінін айтады.
"Маған ұсынылған мектеп форматы өте ұнады. Әрине, жоспарланғанның барлығы орындалса игі болар еді. Тағы бір жайт, кездесуде айтылған дүниелер ескеріліп, болашақта көру қабілеті нашар және зағип балаларды осы мекемелерде оқыту мәселесі қарастырылады деген үміттеміз. Мүмкін, бұл инклюзия шеңберінде емес, дәл осындай білім беру мекемесінің негізінде бөлек бағыт болады. Өйткені елордада мұндай мектеп мүлдем жоқ", - деді "Мир равных возможностей" қоғамдық қорының өкілі Насиха Жолдыбалинова.
Типтік оқу орындарының жабдықталуы қазір 3-4% құраса, BINOM жобалары 21%-ға жабдықталмақ. Ең бастысы, бұл жобалар ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Атап айтсақ, қарама-қарсы бағытта ашылатын есіктер, қозғалысы шектеулі оқушыларға арналған лифттер, пандустар, көтергіштер, биіктігі реттелетін үстелдер мен парталар, тактильді жолақтар, алғашқы көмек көрсету сабақтары үйретілетін медициналық пункт, сондай-ақ,бейімделген дене шынықтыруға арналған құрал-жабдықтар. Соңғы айтылғаны, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
"Біздің мектептерде Кеңес Одағы кезіндегі дене шынықтырудың оқыту жүйесі әлі қалып қойған. Оқушылар тезірек жүгіруге, биігірек секіруге, барынша жоғары көтерілуге міндеттеледі. Десек те қазіргі күні дамып кеткен технологиялардың арқасында тыныс алу жаттығулары, цигун, йога, таэквондо, каратэ-до сынды спорт түрлерін үйретудің жаңа тәсілдері пайда болуда. Мұндай жаңашылдықты сіздер қарастырасыздар ма?" - деді "Общество инвалидов TIFLOSMART" қоғамдық ұйымының жетекшісі Фархат Катренов.
"Біз мемлекеттік стандарттардан асып кете алмаймыз. Дегенмен біздің мектептерде екі спорт зал, гимнастикамен айналысатын орын, ішкі алаң, 4 work out орны, ғимараттың ішінде жетілдірілген ойын ойнайтын жер де қарастырылады. Осылайша, балалар ғимараттың ішінде де, сыртында да уақыт өткізетін болады. Алайда біз оқушылардың қажеттіліктері мен дене шынықтыру мұғалімдерінің қабілеттерін ескере отырып, ұсыныстар қабылдаймыз", - деді BINOM Schools компаниясының басқарушы директоры Шолпан Қадырова.
Шолпан Қадырованың сөзінше, балалармен жұмыс жасамас бұрын, компания мен мектеп қызметкерлері арнайы курстардан өтеді. Оқушылар әлеуметтік жобалармен айналысып, диета ұстайтын балаларға арнайы ас мәзірі жасалады. Жаңа мекемелерде кез келген бала білім ала алады. Қазіргі таңда бірінші сыныпқа оқушы қабылдау жүріп жатыр. Басқа сыныптар үшін құжат қабылдау 1-шілдеден басталмақ. Мердігер атап өткендей, қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, олар мекеменің жобалық мүмкіндігін ескереді.
"Мен өзімнің балам баратын мектепке қарап баға беріп отырмын. Қазір баламды мектептен соңғы сабақтың бітуіне он минут қалған кезде шығарып жібереді. Өйткені екінші ауысымның сабағы басталуы керек. Бос орын болмағандықтан, осылай жасауға тура келеді. Менің түсінуім бойынша, сіздердің мектептеріңізде балалар екі ауысымда да еркін білім ала алады. Одан бөлек, қосымша жұмыс істеуге болатын орындар қарастырылмақ", - дейді "Астана қаласындағы мүгедек балалар қоғамы" ҮЕҰ өкілі Оксана Омельковец.
Қор өкілдері ерекше қажеттіліктері бар балаларға жаңа форматтағы мектептерде оқуға тез бейімделуге көмектесетін мынадай ұсыныстар айтты: гигиена кабинеті, логистика, арнайы дивандар мен демалыс аймақтары, сөйлейтін бағдаршам, жылдамдық өлшегіштер мен ғимараттың сыртындағы тактильді желілер, қаланың ескі бөлігінде объектілер құрылысын жүргізу. Бұл мәселе инклюзивті қауымдастықтарды көбірек алаңдататыны белгілі болды.
"8-мектеп апатты жағдайда, онда ешкім оқымайды, ол тек бос кеңістікті алып тұр. Бұл ғимаратты оңтайландыруға, яғни бұзып, орнына оқу орнын салса болады. Себебі оң жағалауда ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың өте үлкен пайызы тұрады және олардың бұл нысандарға жетуіне мүмкіндігі бола бермейді. Бұл жеке сектор бұзылуға берілген. Қазір онда тағы бір көлік тұрағы тұрғызылмақ, оның кімге, не үшін керек екені түсініксіз, одан да мектеп тұрғызылғаны жақсырақ еді", - деді Co-make қоғамдық қорының өкілі Надия Боранбаева.
Барлық айтылған ескертулерді мердігер әкімдікпен бірге талқылайды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы бойынша мектептер салу - бұл кез келген компания өз жобаларын ұсына алатын ашық байқау.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
