Нұр-Сұлтаннан өз бетімен Шымкентке кетіп қалған екі бала табылды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Нұр-Сұлтаннан өз беттерімен Шымкентке кеткен екі жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екі баланың жоғалып кеткенін айтып елордалық келіншек полицияға жүгінген. Олардың бірі 12 жасар ұлы болса, екіншісі 13 жастағы жиені. Оның айтуынша, балалар 30 қазанда түскі уақытта үйден шыққаннан кейін оралмаған.

Жасөспірімдердің қолында 20 мың теңге болған. Тәртіп сақшылары тергеу материалдарын ашып, кәмелетке толмаған балалардың тұрған жерін анықтауға бағытталған іздестіру-тексеру шараларының кешенін жүргізді.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері балалар әжесіне баруы мүмкін екенін анықтаған. Бұл факт расталды. Олар Қазақстанның оңтүстігінен табылды.

Балаларға әжелері 30 қазан күні хабарласқан. Сөйлесіп отырған кезде қария балаларға ішінің пысқанын айтады. Балаларды көрген келіншектер олардың автобуспен Шымкентке кеткенін айтқан. 

Шымкентте балаларды әжесі қарсы алды. Полицейлер жасөспірім балаларды автобусқа отырғызған жүргізушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылатынын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр