Нұр-Сұлтанға ұшып келген 170 жолаушы ауруханаға жатқызылды

6 қазанда Нұр-Сұлтанға ұшып келген 170 жолаушы ауруханаларға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПТР сынақтан өтпеген 170 жолаушы елорда әуежайынан ауруханаға жеткізілген. 

"Бүгін төрт ұшақ Нұр-Сұлтан әуежайына қонды. Рейстерді Turkish Airlines, Эйр Астана және Флидубай авиакомпаниялары жүзеге асырды. Барлығы 478 жолаушы және 28 экипаж мүшесі болған. Олардың ішінде ПТР тестілеудің қажет екенін білмеген немесе анализінің мерзімі өтіп кеткен 170 адам анықталды. Олар қонақ үйлерге орналастырылған ауруханаларға жатқызылды. Температурасы жоғарылаған жолаушылар анықталған жоқ. ПТР сынақтарынан өткеннен кейін жолаушылар үйлеріне жіберіледі, егер олар оң нәтиже көрсеткен болса, олар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордалық әуежайда бас санитарлық дәрігердің жаңа ережелері бойынша жолаушыларды қабылдауға дайындығы тексерілген болатын.

6 қазанда сағат 00: 00-де Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа жарлығы күшіне енді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр