Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанға кіріп-шығу үшін ПТР нәтижесі қажет: Қаланың бас санитарлық дәрігері түсіндірді

Нұр-Сұлтаннан шыққан кезде ПТР теріс нәтижесінің болуы және қала маңында блок-бекеттердің орнатылуы мәселелеріне қатысты елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Палиева айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол қалаға кіріп-шығу еркін екенін, ПТР нәтижелері қажет емес екенін айтты.

"Нұр-Сұлтанға кіріп, шығу кезінде ПТР тестілеу нәтижелері сұралмайды. Қазір мұндай талаптар жоқ. Қала қызыл аймақта болғаннан кейін, барлығы ШҚО-мен салыстырып жатыр. Бірақ ШҚО-да вирус жұқтырған науқастар саны өте көп, аурушаңдық деңгейі жоғары. Олардың халқы 300 мыңға жуық адамды құрайды, ал біздің тұрғындар саны - 1,2 миллион адам. Сондықтан олар бірден қатаң шараларды енгізді. Бізде 10 желтоқсаннан бүгінге дейін жағдай сәл де болса жақсарды. Егер вирус жұқтырғандар саны өсетін болса, шаралар қатаңдатылуы мүмкін", - дейді Палиева. 

Сонымен қатар, кезекші сыныптарға баратын оқушылар осы тоқсанды офлайн форматта аяқтай алады. 

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуына байланысты "қызыл" аймаққа кірді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Желтоқсан, 2020 16:14
Талқылау