Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандық дәрігер ұшақ апатында көз жұмды

Нұр-Сұлтандық дәрігер Bek Air ұшағының бортында болып, қаза болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз


Бұл туралы №10 Нұр-Сұлтан қалалық емханасының Facebook парақшасында жарияланды. 

"Өте қайғылы хабар. Бұл ұшақта біздің екі қызметкеріміз болды. Исина Арман және Мұқашева Салтанат ауруларды бақылау бағдарламасына (АББ) координатор ретінде тағайындалған еді. Мұндай жаңалықтарды оқуға қорқасын. Марқұмдардың тізімінде Арман Исинаның есімі де болды. Орны толмас қайғы. Бірнеше жылдардан бері АББ бастамасын Арман Исина көтеріп, бүкіл Қазақстанға енгізбекші болып еді. Иманды болсын. Салтанат Мұқашева қазір ауруханада жатыр. Оның тезірек сауығып кетуін тілейміз. Гүлнәр Алпысбекова жетекшілік еткен №10 елордалық емханасының ұжымы марқұмдардың туыстарына көңіл айтады. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз. Жігерлеріңіз таусылмасын. Жарақат алған азаматтардың жазылуына тілекшіміз", - деп жазылыпты емхананың желідегі парағында. 

Сонымен қатар Нұр-Сұлтандық медициналық орталығында мерекеге байланысты барлық шаралардан бас тартылыпты. 

Кейіннен денсаулық сақтау министрі де марқұмның жақындарына көңіл айтыпты. Ол Исинаның Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітіргенін жеткізді. Бұған қоса шенеунік марқұм дәрігердің денсаулық сақтау министрлігі мен халықаралық денсаулық сақтау ұйымдарында қызмет атқарғанын қосты. 

"Құрметті достар мен әріптестер, Қазақстанның медицинасы тәжірибелі маман, акушер гинеколог Арман Исинадан көз жазып қалды. Ол АББ-ның Қазақстан бойынша ұлттық тренері болды. Оның қазасы біз үшін, оның туыстары үшін орны толмас қайғы. Мемлекеттің барлық дәрігер мамандарының атынан қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын", - деп мәлімдеді Біртанов. 

 

 

STAN.KZ
Жұма, 27 Желтоқсан, 2019 17:08
Талқылау