Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандық әскери госпиталь коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдайтын болды

Нұр-Сұлтандағы әскери клиникалық госпиталь Covid-стационар негізінде қайта құрылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

госпиталь

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қажет болған жағдайда стационар ретінде қаланың бірқатар әскери медициналық мекемелері де тартылатын болады. Елордада індет жұқтырғандар үшін қосымша 400 провизорлық орын құрылды. Атап айтқанда, ауруханалар базасында инфаркт, инсульт және қант диабеті бар адамдарға (КВИ-ге күдікті) жеке кереуеттер анықталды.

Бұрын пневмониямен және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауыратын науқастар үшін жеке корпустар ашылып, олар қосымша коронавирусқа тексерілген болатын.

Бұрынғы «Рамада Плаза» қонақ үйінің ғимаратында шетелден келген әуе жолаушылары үшін медициналық бөлмелер дайындалған.

Коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін астаналық медицина қызметкерлері телемедицинаға көшті: олар науқас денсаулығын бейне қоңыраулар және басқа байланыс арналары арқылы бақылап отырады және инфекцияның симптомсыз тасымалдаушыларының барлық мәселелері бойынша кеңес береді. Симптомдар пайда болған жағдайда науқастар ауруханаға жатқызылады.

"Коронавирустың таралу аумағы өте үлкен болуы мүмкін. Індет жаппай өршіген жағдайда аурухана төсектері мен дәрігерлер барлығына бірдей жетпеуі мүмкін. Сіздерден барлық санитарлық нормаларды сақтауды талап ете отырып, өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға шақырамыз", - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасы санитарлық нормаларды қатаң сақтау керегін атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Алматыда және Талдықорғандағы әскери госпитальдер тек әскери қызметкер мен олардың отбасы үшелерінен бөлек, коронавирусқа шалдыққан қарапайым тұрғындарды да қабылдауда екен. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 16 Маусым, 2020 09:44
Талқылау