Нұр-Сұлтандық Әли Тұрғанбек футболшы Криштиану Роналдумен кездесті
Нұр-Сұлтандық мүгедек бала Әли Тұрғанбеков әлемнің футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Елордалық жеткіншек "Ювентус" футболшысымен доп ойнап, оған қазақстандық шоколад сыйлапты. Ал Роналду болса оған қолы қойылған доп табыстаған. Мұның барлығы түсірілген видео Instagram желісінде тарады.
Бала мен футболшының кездескені түсірілген тағы бір видео UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедовтің парақшасында тарады.
"Сен ең керемет адам екенінді тағы да көрсеттің. Роналду, саған мың алғыс. Сен менің бауырымды бақытты еттің", - деп жазыпты боксшы.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Хабиб Әли Тұрғанбекпен кездесіп, оған сыйлық бергені айтылған еді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді