AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандық алаяқтар Жезқазғанда шаруаларды 37 миллион теңгеге алдап кеткен

Жезқазған полиция басқармасында 116 шаруаны алдап соққан Нұр-Сұлтан қаласының 3 тұрғынына қатысты істі сотқа берді. Алаяқтар шаруаларға қарда жүретін көлік пен киіз үйді тегін жеткізіп беруге уәде беріп, 37 миллион теңгені қолды еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

теңге

Жезқазғандық полицейлерге алаяқтарға қатысты хабарламалар 2020 жылдан бастап түсе бастаған. Зардап шеккендердің сөздерінше, күдіктілерге 300 мың теңгеден 2,5 миллион теңгеге дейін қаржы берген. 

"Алаяқтар шаруа қожалықтарының иелерін шығынның бір бөлігін мемлекеттік субсидия негізінде қайтарылады деп сендірген. Ауыл тұрғындарының сеніміне кіру үшін олар кеңсе ашып, жарнама берген, кейбірімен түсіндірме жұмыстарын да өткізген. Келтірілген шығын мөлшері 37 миллион теңгеге тең", - деп мәлімдеді Жезқазған полиция департаментіндегілер.

Күдікке ілінген Нұр-Сұлтан қаласының үш тұрғыны қолға түскен. 28-34 жас аралығындағы азаматтар кінәларын мойындады. Айғақтар мен күдіктілердің мәлімдемесінен кейін істі тергеу жылдам аяқталып, сотқа жіберілген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр