AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының бірінде ер адам әйелін кепілге алды

Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының бірінде ер адам әйелін кепілге алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарланғандай, 4 шілде күні сағат 17.06-да "102" арнасына "Тұлпар" сауда үйінде қару ұстаған ер адам әйелді кепілге алғаны туралы ақпарат түскен.

"47 жастағы ер адам ұсталды. Операция барысында зардап шеккендер жоқ. Араланған шолақ мылтық тәркіленді. Ұсталғанның әйелі кепілде болғаны анықталды. Оқиғаға ажырасу себеп болған. Әйел психологиялық көмек алуда", – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны атап өтілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр