AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Нұр-Сұлтандағы саябақта бүлдіршін сырғанақтан қатты күйіп қалды

Нұр-Сұлтанда бала күнге қызған сырғанақтан 2-3 дәрежелі қатты күйік алды. Бұл туралы баланың анасы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шырылдаған ана желідегі пабликтердің бірінде жазба жариялады. Онда "Жетісу" саябағында (сол жағалауда - ред.) оның бір жарым жасар баласы металл  сырғанақтан 2-3 дәрежелі күйік алғанын айтты.

"Бала саябақта жүгіріп, сүрініп ойнап жүрді. Сырғанаққа келгенде құлап қалды. Орнынан тұрып ары қарай жүгіре беруші еді, бірақ сырғанақ күннің ыстығынан оттай жанып тұр екен", – делінген хабарламада.

Оның айтуынша, бала елордалық ауруханалардың бірінің күйік бөліміне жатқызылды.

"Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр. Оған ұзақ емделу керек, сонымен қатар кем дегенде бір айға дейін қатаң режимде емделуі керек. Таңу, инъекция, антибиотиктер, ауырсынуды басатын дәрілер, катетер, температура 39", – деп қосты әйел.

Ол "Жетісу" саябағы әкімшілігі мен Нұр-сұлтан әкімдігінен балалардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуді талап етті. IKomek қызметіне жүгіну, оның айтуынша, нәтиже бермеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр