Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы өрт: "Мельница" мейрамханасының өкілі тікелей эфир кезінде тілшіге кедергі келтірді

Нұр-Сұлтанда өртке оранған «Мельница» мейрамханасының өкілі «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтарында тікелей эфирге шыққан тілшіге кедергі келтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тікелей эфир

Келеңсіз жағдай елордада ірі мейрамхана өртенген уақытта болған.

"Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Алайда, мейрамхана өкілінің әрекеті қызықты болып тұр. Ол біздің тікелей эфирге кедергі келтіруге тырысуда. Өйткені олар ғимараттың кадрда көрінуін қаламайды екен. Бірақ бұлай істеуіне еш себеп жоқ", - деді тікелей эфирде тілші.

Журналист өзіне кедергі келтірген заңгердің іс-әрекетіне еш назар аудармастан, тікелей эфирді жүргізе берген. Ал "Мельница" өкілі болса, қайта-қайта микрофон шұнырын басып, камераның бетін жаппақшы болған.

 

Талқылау