Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын аяқтау үшін қаражат қайдан алынады: Вице-министр жауап берді

LRT құрылысын қалай қаржыландыру жоспары қалай жүзеге асатынын қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

лрт

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельеваның айтуынша, барлық маңызды жұмыстар аяқталған соң, ақша бөлінетін болады.

"Құжат бойынша қажетті шаралар аяқталғанда ақшаны да қарастырады. Оны үкімет резервінен алмайтын шығармыз. Бюджеттік бағдарлама аясында қаржыны қайта үлестіру жұмысы атқарылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті трансферлерді кіргізеді. Осы жұмыс келесі жылы бюджетті нақтылау кезінде жасалады", — деді Савельева .

Вице-министр бұл келесі жылы бюджет нақтыланған кезде жүзеге асуы мүмкін деп қосты.



"Барлық құжаттама қажетті процедуралардан өтті. Бірқатар көрсеткіштер қаралып, қайта қаралып, барлық заң талаптары орындалды. Қазір ол пысықталуда, әрі қаржыландыруға ешқандай кедергі болмайды", - деп түсіндірді вице-министр.

Ол сонымен қатар, президент бұл жобаға вето қоя ма деген сұраққа жауап берді.

"Президент үшін шешім қабылдап, жауап бере алмаймыз. Бірақ Үкімет ішінде талқылағанның бәрі президентке ұсынылды. Ресми хат-хабарлар жүргізілді, оның тетігі мен қалай жүзеге асырылатыны басшымен келісілді", - деп нақтылады Татьяна Савельева.

1 қыркүйекте Нұр-Сұлтан әкімі LRT құрылысының шамамен аяқталатын мерзімін жариялады.

"Енді аяқтау үшін бізге 577 миллион доллар қажет. Қазірдің өзінде бірінші траншқа 20 миллиард теңге бөлінді. Біз әлі жылдың аяғын күтіп отырмыз. Мердігер – Қытай консорциумы", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов .

Сонымен қатар, құрылысты аяқтау туралы шешім қабылданған болатын. Алдын ала есептеулер бойынша, ағымдағы жөндеу жұмыстарына жыл сайын 4 млрд теңге қажет болады.

Талқылау