Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы қызды зорлау әрекеті: Полицияда оқиғаның жай-жапсарын айтты

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті қызды зорлауға әрекет жасаған күдіктінің ұсталғаны туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияның мәліметінше, күдіктіні ұстауға тергеуші Нұрболат Айтбай қатысқан. Бастапқыда ол әріптестерімен бірге ұсақ ұрлық ісіне қатысты қоңырауға барған. Жәбірленушінің үйінде болған тәртіп сақшылары көшедегі әйелдердің айқайын естіген.

"Үйден жүгіріп шыққаннан кейін, Нұрболат қасынан өтіп бара жатқан адамға көзі түскен. Бірнәрсеге күдіктенген полицей оның артынан жүрген. Полицейдің тоқта деген ескерту сөзін естіген ер адам қаша жөнелген", - деді департаменте.

"Көшеде өте қараңғы болды. Күдіктіні ұстауға тырысып, сүрініп, құлап, аяғыма зақым келтірдім. Қатты ауырғанына қарамастан, қудалауды жалғастырдым", - деді Айтбай Нұрболат.

Полицияның мәліметінше, осы аудандағы көшелерді күзеткен Ұлттық гвардия жауынгерлері дер кезінде көмекке келген.

"Полиция қызметкері Айтбай Нұрболат пен жауынгерлер күдіктіні бірге ұстады. Ұсталғаннан кейін Нұрболат медициналық көмекке жүгінді. Белгілі болғандай, қылмыскердің ізіне түскен ол аяғын сындырып алған.

Ұсталған азамат көшеде мас күйінде сағат 21.00 шамасында қасынан өтіп бара жатқан әйелге шабуыл жасап, оны зорламақ болғаны анықталды. Қарсылық көрсеткен қыз зорлаушының қолынан қашып құтылды", - деп толықтырды полиция департаменті.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тергеп жатыр.

Бұған дейін Ұлттық ұлан ер адамның 1995 жылы туған қызды зорламақ болғанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары 1972 жылы туылған Ақмола облысының тумасын ұстады. Жәбірленуші күдіктіні таныды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Қараша, 2020 17:28
Талқылау