AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы "Қазмедиа" орталығынан өрт шықты

Елордадағы "Қазмедиа" орталығынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері "Д.Қонаев көшесі, 4" мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткен.

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін паркингтегі трансформатордың жанып жатқаны анықталды. Адамдар қауіпсіз жерге шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмыс істеуде",- деп атап өтеді министрліктен.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты алдын-ала мәліметтер бойынша, қатты желдің салдарынан "Қазмедиа орталығы" ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне  су тиді.

Жағдай анықталуда, шатырдың ішінара зақымдануы мүмкін.

Депода қосалқы станцияның тұтануы нәтижесінде сағат 20:15-те теле және радиоарналардың эфирлері ажыратылды.

Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылды және барлық персоналды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер аварияның салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр