AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы балаларды оңалту мекемесінде балаларға берген тоқаштан өлі тышқан табылды

Нұр-Сұлтанда "Республикалық балаларды оңалту орталығының" пациенттері тоқаштан тышқан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 Facebook әлеуметтік желісінде Кенжегүл Тергембай есімді қолданушы елордалық оңалту мекемесінде орын алған жайт туралы ақпарат таратқан. Нақтырақ айтқанда, астанадағы Республикалық балаларды оңалту орталығының асханасында тәтті тоқаштан тышқан табылған. 

"Республикалық балаларды оңалту орталығында балаларға берген ас-ауқаттан (коржиктен) тышқанның баласы шыққан. Сол жерде жатқан бір ана уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтілген. Тағам сапасының өте нашар екенін айтып, ата-аналар шағымдануда", – деп жазды белсенді.  

Бұл жағдайға қатысты елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсініктеме берді

“Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өнімді жеткізуші кәсіпкерлік субъектісін анықтады. Кәсіпкерлік субъектісі тексеруге мораторий қолданылатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататындықтан өнім берушіге қатысты жоспардан тыс тексеруді жоғары органдар жүргізеді. Нұр-Сұлтан қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткізген және қабылдаған іс-шаралар туралы алдағы уақытта хабардар етеміз", –  деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметі. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр