Нұр-Сұлтандағы атышулы ЛРТ құрылысы жалғасады
Елордадағы атышулы ЛРТ құрылысы жалғасады. "Жемқорлықтың ескерткішіне айналған" ірі жобаны аяқтауға атқамінерлер инвестор іздеп жүр екен. Бұған дейін мемлекеттің миллиардтарын желге ұшырған шенеуніктер енді ЛРТ-ға қазына қаржысы бөлінбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
Халық ауызында сыбайлас жемқорлықтың ескерткішіне баланып жүрген ЛРТ жобасы әуежай мен жаңа теміржол вокзалын жалғауы тиіс еді. Бірақ тәуір бастаманың соңы аяқсыз қалды, себебі - жемқорлық. Енді үкімет барлығы күдерін үзген жобаға жан бітіру үшін, яғни аяғына дейін жеткізбекке инвесторлар іздеп жатыр.
"Бірден айтайын, ЛРТ құрылысына әуел бастан зейнетақы қорынан немесе Ұлттық қордан қаржы қарастырылмаған, қарастырылмайды да. Бастапқы инвестиция Қытайдың даму банкінен бөлінген. Ол қарыз жабылды. Қазіра жобаны құрдымға жібергендердің ісімен сот айналысып жатыр. Көлік қатынасын айтарлықтай жеңілдетуі тиіс алып жобаны аяқсыз қалдырудың еш қисыны жоқ", - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді