Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде өрт шықты

Нұр-Сұлтанда "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінде желдеткіш камера өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

абу даби плаза

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14.57-де Сығанақ көшесі, 60/5 үйінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жедел жіберілді. 4 минута келіп жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың 1 қабатында желдеткіш камерасының жанғанын анықтады. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілердің келіп жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған", – делінген хабарламада.

Өрт орнында 16 бірлік техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 15:24 минутта сөндірілді.

Назархан Уән
Бейсенбі, 10 Наурыз, 2022 15:37
Талқылау