Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жүргізушілер өртенген көлікті жаңбырдан кейін жиналған шалшық сумен сөнідрді (видео)

11 тамызда Нұр-Сұлтанда жүргізушілер жол үстінде өртенген көлікті жаңбырдан соң жиналған шалшық сумен сөндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік

Qumash Telegram арнасы оқиға кезінде түсірілген видеоны жариялады. Кадрлардан бірнеше ер адамның шалшық сумен өртенген көлікті сөндіріп жатқанын көруге болады. 

Оқиға болған күні астанада қатты жауын жауып, көшелерді су басып қалған. Ал Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, көліктің 11 тамызда 00:28 шамасында тұтанғанын мәлімдеді. Оқиға Жұбанов мен Тархан көшелерінің қиылысында болған. 

"Өрт сөндірушілер келген соң 6 минуттан кейін көліктің қозғалтқыш бөлігі жанғанын анықтады. Жалын өрт сөндірушілер жеткенше сөндірілді", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр желісіндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. 

Талқылау