Нұр-Сұлтанда жылу "қымбаттады": Коммуналдық қызмет жағдайға түсініктеме берді
"Энергосбыт" ЖШС мен "Астана Теплотранзит" АҚ Нұр-Сұлтанда жылу тарифінің "көтерілуін" түсіндірді. Белгілі болғандай, 2020-2021 жылдары елордада тариф көтерілмеген, ал түбіртектердегі үлкен сандар суық ауа райына байланысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда жылу үшін төлем есептеу құралдары арқылы жүзеге асырылады. Егер олар жоқ болса немесе уақытша жұмыс істемесе, онда есептеу "нақты сыртқы температураға реттелген Нұр-Сұлтанның тұрғын үй қорын жылытуға арналған тұтыну нормалары негізінде жүзеге асырылады".
"2020 жылдың қарашасында сыртқы ауаның орташа температурасы 6,2 градус, ал 2020 жылдың желтоқсанында -15,78 градус болды.
Осылайша, 2020 жылғы желтоқсанда сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты Нұр-Сұлтанда жылумен жабдықтау қызметтерін тұтыну көлемі ұлғайды, бұл тиісінше 2021 жылғы қаңтарда тұтынушылар алған түбіртектерде көрсетілді", - деп түсіндірді коммуналдық қызметкерлер.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тариф:
- жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен - 2 432,00 теңге / Гкал ҚҚС есебімен;
- жылу энергиясын есептеу құралдарынсыз- 2 925,56 теңге / Гкал ҚҚС есебімен;
- жылу энергиясын есепке алудың үйге ортақ аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгісіндегі үйлерде тұратындар үшін-ҚҚС қоса алғанда 2 437,97 теңге/Гкал.
Жылу есептегіш құралдарының жарамдылығы мен жоспарлы тексеріске мүлік иелерінің бірлестігі немесе пәтер иелері кооперативі жауапты екені атап өтілді.
Бұған дейін әлеуметтік желілер қолданушылары "бағасы көтерілген" жылу шоттарына шағымдана бастады.