Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем Telegram-боты іске қосылды

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем коронавирус пандемиясы кезінде қала тұрғындарынан түсетін қоңырауларға жауап беріп үлгере алмағандықтан, Telegram-да диспетчерлердің жұмысын жеңілдететін арнайы ботты іске қосты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жедел жәрдемБоттың мекен-жайы - @ns103bot.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлік Бектұровтың айтуынша, бұл боттың көмегімен жедел жәрдем шақыруға өтінімді әр адам өзі жібере алады.

Өтінімде боттың барлық сұрақтарына жауап беру, ЖСН және тұратын мекен-жайын көрсету қажет. Осыдан кейін өтінім денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес шақырудың жеделдігін анықтайтын диспетчерге түседі.

Жеделдік санаты берілгеннен кейін өтінім шақыру кезегіне жіберіледі.
 

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Маусым, 2020 16:19
Талқылау