Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер азамат жылы аялдамада тұрып, полицейлерге қарсылық көрсеткен (видео)

Нұр-Сұлтан жылы аялдаманы бүлдірмекші болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

25 желтоқсан күні полиция бөліміне түнгі сағат 3-те белгісіз ер азамат Бейбітшілік көшесінде орналасқан аялдаманы бүлдіргелі жатқандығы жайлы хабар келген. Бұл туралы қалалық ПД мәлімдеді. 

"Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары киімдерін шешіп тастап, жалаңаш тұрған азаматты байқаған. Ол өзінің ерсі қылығымен  адамдарды шошытып, тәртіп бұзған. Бұған қоса ер едам полицейлерге қарсылық көрсетіп, оларды аялдама орындығының ағашымен ұрған. Десек те сақшылар оны жылдам тұтқындады", - делінген баспасөз-хабарламасында. 

Ұсталған азаматтың1975 жылғы Артем Беленький есімді азамат екендігі анықталды. Ол бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған екен. Сонымен қатар бұзақының ішімідікке сылқия тойып алғандығы 

"Азамат біраз уақыт бұрын бостандыққа шыққан. Елордада тұрақты үйі жоқ. Бұған қоса ұрлық жасаған деген күдікке ұшырады. Оның әрекетіне байланысты "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу абақтысына қамалды", - деді тәртіп сақшылары. 


 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Желтоқсан, 2019 14:26
Талқылау