AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %
AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында жиырма iPhone12 смартфоны ойнатылады

Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында вакцинацияны ынталандыру үшін жиырма iPhone12 ойнатылады. Жеңімпаз Birge платформасындағы кездейсоқ қызмет арқылы анықталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордалықтар арасында вакцинацияны ынталандыру үшін жиырма iPhone12 ойнатылады (демеушілік қаражат есебінен). Аптасына екі iPhone12 ойнатылады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелердің, СОО/СҮ және т.б. орындарда вакцина алғандар қатысады. Оған қатысу үшін сауалнаманы толтырудың немесе нөмір алудың қажеті жоқ.

Жеңімпаз Birge платформасындағы кездейсоқ қызмет арқылы анықталады. iPhone12 ұтыс ойынына вакцинаны алған күніне қарамастан барлық адам қатысады. Вакцинацияланғандар бойынша ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерімен бірігетін болады. Сервисте екпе алған адамның id-нөмірі ғана көрінетін болады. 

Жеңімпазды сервис кездейсоқ түрде анықтайды. Ол Facebook пен Instagram арқылы тікелей эфирде өткізілетін болады.

IPhone12 алғашқы ұтыс ойыны 8 шілде күні өтеді. Алғашқы ұтыс ойынына 6 шілдеге дейін екпе алғандардың бәрі қатыса алады. Нұр-Сұлтан қаласында 7 шілде күні вакцинацияланғандардың базасы дайындалады.

Сонымен қатар 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өткізіледі. Бұл акцияға медициналық мекемелерде, СОО/СҮ және вакцинациялаудың өзге де пункттерінде иммундаудан өткендер қатысады. 

Сол сияқты бұған дейін "MEGA Silk Way" СОО өзінің егу пунктінде вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ойнатылатынын жариялаған болатын.

Ал "Азия Парк", "Сарыарқа", "Абу-Даби Плаза", "Керуен", "Еуразия" СОО-тарында және басқа да сауда үйлерінде компьютерлік, тұрмыстық техника, жеңілдік купондары түріндегі түрлі сыйлықтар ойнатылып жатыр.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар саны өткен апталармен салыстырғанда бес еседен аса өсті. Осылайша, вакцинацияланғандардың саны тәулігіне 7 мыңнан асады. Бүгінге дейін барлығы 218 мыңға жуық адам екпенің алғашқы компонентін алды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр