Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақшы болғандардың жолы кесілді
Нұр-Сұлтан қаласында теракт ұйымдастырмақшы болған азамат қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2020 жылғы 25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады. Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды", - делінген ресми хабарламада.
Қазір азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Баспасөз қызметі тергеу жалғасуда екендігін атап өтті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”