Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі коронавирус жұқтырғаны анықталды

Елордада жеке такси жүргізушісі коронавирус диагнозымен стационарға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

такси

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

"Жақын байланыста болған адамдар анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорда тұрғындарына аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді. Карантин режимі басталғаннан бері қалалық штаб ресми таксиге көліктерін күнде дезинфекциядан өткізуге талап қойды. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда тасымалдаушыларға айыппұл салынады", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, коронавирус тағы бір тұрғыннан расталыпты. Онымен 50-ден астам байланыста болған тұлғалар анықталды, олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус дертіне шалдыққандардың саны 223 адамды құрап отыр. 9 сәуірдегі деректерге сәйкес 202 адам инфекциялық стационарда (10 адам Ақмола облысынан), 930 жақын байланыста болған адам үй карантинінде. Нұр-Сұлтан қаласында 30 адам коронавирустан емделіп шықты.

Қалада барлығы 13 нысан карантинге жабылған. Олардың қатарында медициналық нысандар, жатақхана, №1 автобус паркі, тұрғын үй кешендерінің кіреберістері бар. 8 нысан карантиннен алынды.

 

Талқылау