AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда сұлулық салоны қызметкері мен клиент арасындағы жанжал төбелеске ұласты

Нұр Сұлтанда "Mega Silk Way" сауда үйінде сұлулық салоны қызметкері мен клиент арасында  төбелес болды. Полиция департаментінде мәлімдегендей, жанжал нәтижесінде келушінің мұрыны сынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

төбелес

Куәгерлердің бірінің сөзінше, сұлулық салонында көрсетілшген қызметтен кейін клиент шеберге деген өз нарарзылығын білдірген. Әйелге нақты ненің ұнамағаны әзірге белгісіз. 

"Даудан кейін әйел сұлулық салонының администраторына өз ұялы телефонын лақтырған. Бұдан кейін ер адам келіп, клиенттің бетінен ұрды. Оның мұрнынан қан ақты", - дейді куәгерлер. 

Оқиғадан кейін бірден сауда үйінің күзетшілері келіп, жанжалға қатысушыларды  полицейлер келгенше кетуін сұраған. 

"Аталмыш дерек бойынша Қабанбай батыр көшесіндегі "Mega Silk Way" сауда үйінде орналасқан "Viva" сұлулық салонының қызметкері мен келушісі арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Олардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес тергеу жұмыстары басталған.

Күдіктіге істеген әрекеті үшін үлкен мөлшерде айыппұл салынып немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр