AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты (видео)

Нұр-Сұлтанда полицейлер ескертуді елемей, қашып кетпек болған мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты. Ведомстводағылар қызметтік тапаншаны қолдану кезінде ешкімнің жарақат алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік

"Тәуелсіздік даңғылында полицейлер 7 сәуір күні мемлекеттік нөмірі жоқ әрі жол жүру ережесін өрескел бұзған Citroen көлігін байқады. Қызметкерлер автокөлікті тоқтатпақ болған. Алайда көлік жүргізушісі азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, жылдамдықты үдете түскен", – делінген полиция департаментінің хабарламасында. 

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, жүргізуші көлікті тоқтату туралы талапты орындамай, қозғалысын жалғастырған. 

"Тілендиев көшесінде автокөліктің жолын патруль көлігімен жапқан. Алайда жүргізуші полиция көлігін соғып, кетуге тырысты. Жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін полицейлер табельді қарумен көліктің дөңгелегіне оқ атты", – делінген хабарламада.

21 жастағы көлік жүргізушісі қолға түскен. Сараптама нәтижесінде оның мас күйде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты 19 әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сонымен қатар 20 тәулікке қамауға алынған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр