Нұр-Сұлтанда такси жүргізуші мас жолаушының пәтерін тонап кетті
Нұр-Сұлтанда тәжікстандық такси жүргізушісі мас жолаушының пәтерін тонады. Ол ұялы телефон, планшет, ақша, кроссовкалар мен тәпішкелерін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, бір күн бұрын барған жерінде алкогольдік ішімдік ішкенін айтқан. Сағат 23:00-де үйіне апару үшін такси шақырған. Көрсетілген мекенжайға жеткен такси жүргізушісі клиенттен су ішуді сұрап, онымен бірге пәтерге барған. Сол жерде мас жолаушы ұйықтап қалған. Ер адамның жағдайын көрген жүргізуші ұрлық жасауға бел буып, пәтерді тінтіген.
-
"Әйел қаза тапты": Қостанайда әкімдіктің көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін мойындады
-
"Шашымнан ұстап алды": Қарағанды облысында такси жүргізушісі жеткіншекке шабуыл жасады
"Такси жүргізушісінің олжасы ұялы телефон, планшет, 100 мың теңге, кроссовкалар мен тәпішкелер болды", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ДП баспасөз қызметі.
41 жастағы Тәжікстан азаматы пәтер тонады деген күдікпен ұсталды. Ол кінәсін мойындап, заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
