Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

500 млн доллар бөлінеді: ЛРТ құрылысын жалғастыруға қаржы табылды

Жұмысы орта жолда тоқтап қалған ЛРТ құрылысын жалғастыруға қаржы табылды. Енді «Halyk bank» жеңіл рельсті көліктің құрылысына 500 млн долларын бөледі. Бұл жайында Елорда әкімі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

лрт

Алтай Көлігіновтің айтуынша, қажетті соманың екінші бөлігін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі қаржыландырып, 100 млн доллар аударады. Әкімнің сөзіне сенсек бұл сома жұмысты бастап кетуге жеткілікті.

Қазір тиісті құжаттар әзірленуде. Бұдан бөлек, шенеуніктер қытайлық инвестициядан бас тарту туралы шешім қабылдаған. Жауаптылар көрші елге қарыздар болмау арқылы 800 млн доллар үнемделгенін жасырмады.

Сондай-ақ, бас қаланың басшылығына тағайындалғанына бүгін тура 2 ай болған Алтай Көлгінов астанадағы ең өзекті мәселелердің үштігін жасап үлгерген.

"Біріншіден, үлескерлер мәселесі шешуге тиіспіз. Қазір қалада қиын жағдайда тұрған 50-ге нысан бар. Олардың құрылысы 5, 10 жылға дейін созылып кеткен. Ал  салымшылардың саны 14 мыңға жетіп отыр. Екіншіден, қала маңын абаттандыру керек. Үшіншіден, қалаға газ тарту қажет", - дейді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Талқылау