Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ата-аналар балаларын үйірмелерге жаздыру үшін оқушылар сарайына жаппай жиналды

Нұр-Сұлтан білім басқармасы оқушылар сарайының алдына топ болып жиналған ата-аналарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Балаларды үйірмеге жаздыруға арналған сайт істен шыққан. Осыдан кейін ата-аналар Оқушылар сарайының алдында кезекке тұруға мәжбүр болыпты. 

Ата-аналардың бірі сайт белгіленген уақытта жұмыс істемегенін айтады. Нәтижесінде адамдар таңертеңгі сегізден бастап балаларды үйірмеге дәстүрлі түрде жазу үшін мекеме жанында жиналған. 

Білім басқармасы ата-аналар онлайн тіркелуге тиіс болғанын жеткізді.

"Интернет жоқ болғандықтан, үйірмелерге жазыла алмаған ата-аналар Оқушылар сарайына келді. Мұны ескере отыра, оқушылар сарайының қызметкерлері санитарлық талаптарды сақтай отыра келушілерді қабылдады. Компьютерлер қойылып, қызметкерлер ата-аналарға кеңес берді", – делінген білім басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы секцияларға жазылу 25 тамыздан басталатынын хабарлаған еді. Баланы үйірмеге MINDAL порталы арқылы онлайн жаздыру ұсынылды. Қандай да бір сұрақтар туындаса, Оқушылар сарайына келуге кеңес берді.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 26 Тамыз, 2021 09:25
Талқылау