Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мұқтаж отбасынан шыққан әрбір оқушыға 40 мың теңгеден бөлінді, бірақ ата-аналар риза емес

Елордада жалпы білім беру бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға 40 мың теңгесі бар жеке карталар таратылды. Бірақ оған қажетті заттың бәрін сатып ала салмайсың. Көпбалалы аналар мектеп тауарлары мен шағын ассортименттің жоғары бағасына шағымданып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабаралайды.

Бес баласының үшеуі мектепке баратын Светлана Трубицына мемлекеттің берген 40 мың теңгесіне ризашылығын білдірді. Былтыр 30 мың теңгелік сертификат берілген, ал биыл бұл көмек 10 мың теңгеге өсіп, ішінде 40 мың теңге мен жеке коды бар карталар табыстылған. Ол ыңғайлы, қанша ақша жұмсалып, қаншасы қалғанын бақылауға болады. Бұл тауарға баларларға киім де, оқу құралдарын да алуға болады. Алайда, ата-аналардың айтуынша, тауарлардың бағасы тым қымбат.

"Мен ата-аналардың чатын оқудан шаршадым. Ол жерде тек "масқара" деп жазады. Өйткені спорттық киім - 30 мың теңге, спорттық аяқ киім - 20 мың теңге. Бұл жерде кезек ала алмайсың, бір адамға 1 сағат қызмет көрсетеді, карта жұмыс істемейді, ақша шығармайды", - дейді Светлана Трубицына.

Нұр-Сұлтан қаласындағы 33 сауда орны бағдарламаға қатысады, бұл ретте олардың бәрі отандық тауарлар. Бағдарламаға қатысатын бизнесмендерді "Атамекен" ҰКП таңдаған. 

"Атамекен" өкілдері "Қамқорлық" деп аталатын қосымшаны бар екенін атап өтті. Оны тек бағдарлама бойынша карта алғандар ғана пайдалана алады, ол жерден сауда орындарын, тауарлардың аты мен бағаларын көруге болады. 

"Үш күн сауда кезінде біз 1000-нан аса оқушыны қамтыдық. Қазіргі уақытта 50 млн теңгеден астам қаржы игерілді. Әкімдіктің ақпараты бойынша биыл шамамен 800 млн теңге бөлінген. 200 мыңға жуық оқушыны қамту көзделген", - деді "Атамекен" ҰКП директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев. 

Нұр-Сұлтан осы жоба іске асырылып жатқан еліміздегі жалғыз қала. Жоба жақсы. Сондықтан, кәсіпкерлер ата-аналардың неге наразы екенін түсінбейді. Кейбір орындарда тауарды сатып алумен қатар оның жасалу барысын да көруге болады. 

Сарапшылардың сөзінше, тауарлардың сапасы бағасына толық сәйкес келеді. Бәсекеге қабілетті деп айтуға негіз бар. 

"Қарапайым футболкалар 1500-2500 теңге тұрады және 3000 теңге шамасындағылар бар. Балалар шұлығы 250 теңге, жылылары да бар. Ата-аналардың бағаларға наразы болуының жалғыз себебі - базарда арзан дейді. Бірақ біз сөйлесіп, тауарлардың сертификатталған екенін айтамыз", - деді жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіретін компания директорының орынбасары Дилара Сандыбаева.

Арна тілшілері бағаларды тексеруге шешім қабылдап, бағдарламаға қатысатын сауда орнына барған. Мұндағы тауарларға 20 пайыз жеңілдік қарастырылған екен, бірақ оның жарнамасын тек журналистер келгенде іліпті. 

"Былтыр да осы жерден алғанбыз. Барлық киімді, тауарды. Бағалары көңіл көншітерлік. Осында мектебіміздің педагогтары да жүр", - дейді сауда жасап жүрген ана.

Бірақ баға бәрінің көңілінен шықпайтын секілді.

"Ешнәрсе жоқ, ешнәрсе алмадық. Аяқ киім алғымыз келген. Өлшемі де жоқ. аяқ киім де жоқ", - деді ата-ана.

Кейін әйелге тауарлардың бар-жоғы, өлшемі туралы, бағасын арнайы қосымшадан көруге болатынын түсіндірді. 

Мәселен, тілшілер барған дүкенде мектеп формасын 10 мың теңгеге, жейдені 4000 теңгеге сатып алуға болады. Алайда, ата-аналарды спорттық формалар қызықтырып отыр, ал олар жетіспейді. Өндірушілер қашықтан оқытуға байланысты классикалық киімге деген сұраныс түсіп кететінін күтпеген болар. Оның үстіне киімдердің өлшемдері барлық жерде бар деуге болмайды. Бірақ бизнесмендер жақын арада жаңа тауарлар келетінін мәлімдеді. Алайда, ата-аналар асықпауын сұрап отыр. Өйткені картаны 31 қазанға дейін пайдалануға болады.

STAN.KZ
Жексенбі, 23 Тамыз, 2020 11:13
Талқылау