AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі балалар далада қалудың аз-ақ алдында тұр

Мүмкіндігі шектеулі балалар үйсіз-күйсіз далада қалуы мүмкін. Өйткені Нұр-Сұлтандағы "Ерекше аналар" орталығы жабылудың алдында тұр. Бұған басты себеп: жалға беруші мен алушының арасында орын алған текетірес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana tv арнасына сілтеме жасап.

дети с огр возможнМәселенің басы қор басшысының 9 ай бұрын жалдаған ғимаратқа ақы төлемеуінен басталған. Айтуынша, ол жерде тек екі күн жұмыс істеген. Қыстың кезі болғандықтан, бөлмелері де суық болды дейді ол. Ал нысан иесі мұнымен мүлдем келіспейді. 

10 жастағы Шерхан есімді тәрбиеленуші "Ерекше аналар" орталығына ашылғалы барады. Туғанынан сал ауруына шалдыққан. Оңалту мекемесіне келгелі оң өзгеріс байқаған анасы, орталықтың жабылғанын қаламайды. Бала бағып үйде отырып қалған келіншек, бұл жұмысқа шығуға да үлкен мүмкіндік болғанын айтады.   

Енді маған қиын болайын деп тұр. Осы баламмен 10 жыл үйде отырдым. Енді жұмыс істеп келе жатқанда мына орталық қайтадан жабылайын деп жатыр. Жұмысымнан айрыламын – бір. Екіншіден, балам балабақшасынан айырылайын деп тұр", – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сандуғаш Досманова.

Айнұр Төлеуованың болса, 2 ұлы аутизммен ауырады. Қазір осы орталықта емделіп жатыр. Туындаған мәселенің салдарынан ол балалары оңалтусыз қала ма деген уайымда. 

"Бес күн аптасына жұмыс жасайды балалармен. Бассейндеріне дейін істеді. Бізге енді демеушілер болса шамалы көмектесетін. Білмейміз, біз сотта әрі қарай ұта алмасақ, 3 жарым миллионды жаба алмасақ балалар қайда барады? Біз не істейміз тағы?", – дейді ол.

Даудың басы орталық басшысының әуелде жалдаған ғимарат құнын төлемеуден басталған. Мекеме қызметкерлерінің сөзінше, 9 ай бұрын жалға алған ғимаратта тек екі күн тұрақтаған. Жайсыз, суық болған соң орын ауыстыруға мәжбүр болыпты. Сол күндерге ақша төлемегені үшін орталықты жалға беруші сотқа берген. Шығарылған шешім бойынша "Ерекше аналар" қорына 3,5 миллион теңге қарыз ілінеді. Бірақ олар бұл ақшаны төлеуге қарсы. Сондықтан құзырлы орындар орталықтың есепшотын бұғаттап тастапты.

"Ерекше аналар" орталығының қызметкері Манат Алсееваның айтуынша, бұдан алдын жұмыс жасаған орындарының іші суық болып біраз әбігерге салған. 

"Жұмыс жасамайды екі-үш күннен кейін жылытамыз шыдаңыздар-шыдаңыздар дейді. Бірақ балалардың жүруі мүмкін болмады. Центрдің жұмысы тоқтатылатынына қатты қапалымыз. Біз жұмыс табамыз, бізге жұмыс табылады. Бірақ, ішіндегі балаларға үйренісіп қалдық бәріміз. Центрдің ол ақшаны төлеуге мүмкіндігі жоқ, сол үшін жабуға мәжбүр болып тұр. Бұл орталықта жалпы жүзден астам бала бар. Әкімдік өкілдері де, ай сайын тиісті 9 миллион теңгесін аударып отырғанын айтады. Тіпті қаңтар-ақпан айларында да төлем жасапты. Бұл жағдайға қолдан келгенше көмектесеміз деп отыр. Десе де, қаржылай емес", – дейді дейді Алсеева.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Илья Скуб жалға берушінің райынан қайтпай отырғанын алға тартады.

"Жалға берушімен сөйлестік, бірақ өз райынан қайтпай отыр. Егер жабылып қалса, балаларды оңалтуды өз мойнымызға аламыз. Мүмкін басқа орталыққа көшірерміз. Тағы да айтамын бұл мәселе әкімдіктің құзырына жатпайды. Барлық дау сот арқылы шешіледі. Біздің бұған араласуға құқығымыз жоқ. Ай сайынғы тиісті қаражат уақытылы аударылып жатыр. Жалға берушінің де өз уәжі бар", – дейді Скуб.

Айтуынша, орталық – ғимаратты 1 апта емес 50 күн жалдаған. Тіпті кәсіпкерден мекеме басшысы 300 мың теңге қарыз алыпты. Сонымен бірге балалардың тамағына да ақша сұрағанын жеткізді. 

"Қыстың көзі қырауда осы жерде 50 күн болдыңдар енді ең болмаса коммуналдық төлем, электр энергияны төлеңдер де кете беріңдер, жарайды аренда ақысын алмай-ақ қояйын десем, жоқ ештеңе төлемейміз дейді. Бір тиын төлеген жоқ. Келісім бойынша 20 желтоқсанда кілтті алды, 25-іне келісімшарт әкелді", – деген кәсіпкер Еркін Әбсадықов өз уәжін осылай жеткізеді.

Ал орталық басшысы болса, мұның бәрін жоққа шығарды. Керісінше, жалға берушіге ешқандай қарыз емеспін дейді ол. Соттың шешімін де орындауға құлықсыз екенін жеткізді. 

"Біз бірінші қаңтарда келісімшартқа отырдық. Тек 5-6-шы қаңтарда жұмыс істедік. Желтоқсанда балалар болған жоқ, тек мебельдерді жайғастырдық. Ал олардың өзі тамақпен қамтуға уәде берген. Келісім бойынша, тамаққа ол төлейтін болған. Айдың соңында есеп айырысатын болғанбыз. Мен ешкімге қарыз емеспін", – дейді "Ерекше аналар" қоғамдық қорының директоры Салтанат Қалеева. 

Кінәні бір-біріне сілтеп жүрген қос тараптың мәселесі қашан шешілері белгісіз. Қоғамдық қор сот шешімімен келіспей апелляцияға берген. Бірақ ұтылып қалыпты. Қазір тағы да істі қайта қаруға өтініш берген. Әзірге орталық жұмыс істеп тұр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр