Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мүгедек баланың анасы автобусқа кіргізбей қойған жүргізуші жазаланды

Елордада мүгедек баланың анасын автобусқа кіргізбей қойған жүргізуші жұмыстан қуылып, әкімшілік жаза арқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус нурсултан

Нұр-Сұлтандағы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова мәлім етті. 

"№1 автобус паркі кеңесінің тәртіптік қорытындысына сәйкес, 2021 жылғы 11 қаңтар күні №60 автобустың жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау туралы ережені сақтамаған. Оны автобус салонында түсірілген видеожазба дәлелдеп отыр. Автобус жүргізушісінен жазбаша түсініктеме алынды. Автобус паркі кеңесінің шешіміне сәйкес, бүгінде тәртіпті бұзған жүргізушімен еңбек келісімшарты үзілді. Болған оқиға қайталанбау мақсатында барлық автобус жүргізушілер құрамы жолаушыларды қоғамдық көлікке отырғызу және одан түсіру ережесімен қайта таныстырылды", - деді  Оксана Лоскутова.

Бұған қоса, жүргізуші айыппұл арқалаған.

"Нұр-Сұлтан қаласы Әкімшілік полиция басқармасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің №593 бабына сәйкес қоғамдық көлік жүргізушісіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салды. Өз кезегінде №1 елордалық автобус паркі әкімшілігі жүргізушінің бейәдеп әрекеті үшін кешірім сұрайды", - деп қосты ол.


 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Қаңтар, 2021 20:55
Талқылау