Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтанда митингіге қатысушылар полицейге жаман сөздер айтты: Полиция өз әрекетін түсіндірді (видео)

Желіде тараған видеодағы полицей өз әрекетін түсіндірді. Митингіге қатысушылар полицейге небір сөздер айтып, намысына тиген видео желіде тараған болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео 9 маусымда түсірілген. Бір топ адам полицейді жан-жағынан видеоға түсіріп жанталады. Видеода аға лейтенант Марат Байдүйсенов. Ол 2015 жылдан бері құқық қорғау органында жұмыс істейді. Екі баланы әкесі. Қазақ күресі бойынша спорт шебері.  

"Біз митинг кезінде бірнеше адамды ұстап әкеттік. Автобуста олар маған небір жаман сөздер айтты. Мен оның бәріне шыдап, қарсылық көрсеткен жоқпын. Қарусыз адамға қарсылық көрсеткім келмеді. Арандатуға ұшырамау үшін соңына дейін шыдау керек. Біз қызметімізді адал атқаруға, адамдардың қауіпсіздігін сақтауға, қылмыстың алдын алуға ант береміз. Сондықтан бұл біздің міндетіміз", - дейді полицей.

Полиция басқармасында Марат Байдүйсеновтің қысымға қарамастан ұстамдылық танытқанын, кәсіби шеберлігін көрсеткенін атады. 

"Полиция қызметкерлері барлық кезде өзін бақылауы керек. Қандай жағдай болмасын ол да біреудің ұлы, әкесі, күйеуі", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр