Нұр-Сұлтанда мыңға жуық мұғалім мен дәрігер жалдамалы баспана алады
Биыл елордада мыңға жуық пәтер мұғалімдер мен дәрігерлерге үлестірілмекші. Тұрғын үйлер сатып алу құқығымен жалға беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірге біз бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын жүргізудеміз. Бұл тұрғын үйлер сатып алу мүмкіндігі бар жалдамалы үйлер. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлерге таратылады. Биыл барлығы 1 000 пәтер беріледі», - деп жазды Алтай Көлгінов Instagram-да.
Әкімнің айтуынша, ол Абай мен Шұғыланың 150 жылдығы, Қосшығұлұлы, Торайғыров, Төлебаев пен Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты.
«Сонымен қатар, біз кезекте тұрғандарға (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына тұрғын үй салу жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар біз алдағы жылдарға дайындық жұмыстарын жүргізудеміз», - деді әкім.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді