Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханада өрт шықты

Нұр-Сұлтандағы мейрамханада өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

6 тамызда сағат 15 шамасында Нұр-Сұлтан қаласында "Мельница" мейрамханасы өртке оранды. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру көліктері жеткізіліп, тілсіз жауды құрықтауға тырысуда. Қазіргі таңда өртті сөндіруге арнайы мамандар жұмылдырылды.

"Бүгін 6 тамыз күні сағат 15 сағат 9 минутта 101 нөміріне Туран 31 мекен-жайы бойынша орналасқан "Мельница" мейрамханасы өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлап департаментінің өрт сөндіру қызметі жіберілді", -  дейді Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда мейрамхана жанынан салынған ғимараттың өртенгені белгілі болды. Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталмаған. Төтенше жағдайлар қызметі нақты мәліметтерді алдағы уақытта беретінін хабарлаған. 

"Оқиға орнына 15 сағат 12 минутта жеткен өрт сөндірушілер "Мельница" мейрамханасының жанынан салынған ғимараттың шатыры жанып жатқанын анықтаған. Қазіргі таңда өртті сөндіруге 30 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Қосымша ақпараттар хабарланатын болады", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

 

 

Талқылау