Нұр-Сұлтанда мейрамхана қонақтары төбелес шығарып, бір-бірімен атысты (видео)
Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде жаппай төбелес орнап, оның арты атысқа ұласты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода дәмханаға бірнеше ер азаматтардың баса көктеп кіріп келгені көрінеді. Артынша олар сол жерде отырған адамдармен төбелес шығарып, біраздан соң келгендердің біреуі тапаншасын көрсетіп, атып жібереді.
Елордалық ПД-нің мәлімдеуінше, оқиға 2019 жылдың 31 желтоқсанында болған.
"Қазіргі таңда іске қатысы бар азаматтардың барлығы қолға түсті. "Бұзақылық" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жарақат алғандар жоқ", - деді ПД қызметкерлері.
Талқылау