Нұр-Сұлтанда мас азамат көшедегі көліктерге пышақ ала жүгірген (видео)
Нұр-Сұлтанда ішімдікке сылқия тойып лаған ер азамат көшеге шығып, көліктерге пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 8 маусымда орын алған. Ер азаматтың ерсі қылығы бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты.
"Абай даңғылы мен Янушкевич көшесінің қиылысында ер азамат көшеде өтіп бара жатқан көліктерге пышақ ала жүгірген. Ол пышағын қайрап алып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Полицейлер күдіктіні тұтқынға алды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда ер азамат Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Ұсталған азамат 29 жастағы елорда тұрғыны екені анықталған. Заттай айғақ ретінде қайрақ пен пышақ тәркіленіпті.
Аталған жайтқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн