Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы қашан аяқталады

2021 жылы Нұр-Сұлтандағы LRT жобасын қаржыландыратын болса, құрылысты аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың соңында аяқталуы мүмкін, деп CTS көлік компаниясы растады.

«Егер жобаны2021 жылы қаржыландыратын болса, биыл эстакадалық көпірдің темірбетон құрылымдарын монтаждау, жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріне рамалар орнату, Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің металл құрылымдарын монтаждауды аяқтау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жоспарларға депоның трассалық дамуын жүзеге асыру, эстакадалық магистральді, теміржол және темірбетон құрылымдарын салу бойынша жұмыстарды жүргізіледі. Байланыс, сигнал беру, электр технологиялық жабдықтар беріледі.

«2021 жылы 700 млн долларға дейінгі көлемде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады компания.

Жобаның күнтізбелік кестесі мердігермен алдын ала анықталған. Онда 2022 жылдың аяғында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды көзделген.

«Жабдықтар мен жүйелерді сынақтан өткізіп, 2023 жылдың шілдесінде желіні пилоттық пайдалану аяқталғаннан кейін желіні коммерциялық пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деп хабарлады CTS.

Мөлдір Төлебай
Дүйсенбі, 26 Сәуір, 2021 20:49
Талқылау