Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күнбағыс майы, қант пен күріштің бір тұтынушыға сатылуына шектеу қойылды

Елордада күнбағыс және күріш, қант, қарақұмық секілді өнімдердің бір адамға сатылуына шектеу қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев мәлімдеді. 

"Аула ішіндегі шағын азық-түлік дүкендері штаттық режімде жұмыс істейді. Яғни, олардың жұмысына ешқандай шектеу жоқ. Азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер карантин кезінде жұмысын тоқтатады. Бұл мәселе кеше талқыланды. Министрлікпен бірге таяу күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне шекті баға белгілеу туралы шешім қабылданады. Азық-түлік қалаға кедергісіз жеткізіліп жатыр. Азық-түлік тиелген жүк, ең бірінші қажетті тауарлар тиелген көліктер үшін жасыл дәліз қамтамасыз етілген. Блок бекеттерде тауардың ілеспе құжаты, бағдар парағы, жүргізуші мен экспедитордң денсаулығы тексерілетін болады. Жеткізушілер алгоритмі мынадай – көлік қоймаға дейін барып, жүкті түсіргеннен кейін бірден шығып кетеді. Бағдардан қиыс кетуге болмайды. Әрбүр жүк онлайн режімде қадағаланып отырады. Ол үшін Сергек камерасымен ықпалдастырылған «Блок бекефт» мобильді қосымшасы іске қосылған", - дейді Ерлан Бекмырзаев. 

Бұған қоса ол азық-түлік өнімдерін сатуда шектеу қойылғандығын атап өтті. 

"Бұған қоса қант, күріш, қарақұмық сынды өнімдердің сатылымына шектеу қойылмақ. Яғни бір сатып алушының қолына аталған азық-түлік түрі тек бес килограммнан артық мөлшерде сатылмайды. Сондай-ақ  бір тұрғын тек бес литр күнбағыс майы сатып ала алады. Қоғамдық тамақтану орындары - дәмханалар, мейрамханалар мен асханалар толғымен жабылады. Десек те ол онлайн тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Басқа да бизнес нысандары жұмыстарын тоқтатулары міндетті. Тұрғындардың денсаулығы бірінші кезекте. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", -  деп қосты ол. 



 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында мұқтаждарға азық-түлік үлестірмек болған кәсіпкердің басы дауға қалды

Ол өзінің рұқсат қағазы бар екенін атап өтті

Елде коронавирус жұқтырғандардың саны 650-ден асты

Тағы 22 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан айықты

Елімізде коронавирусты тіркеудің 629 жағдайы расталды

"Әкем көре алмады": Әли Оқапов өміріндегі үлкен өкінішін айтты

Ол анасының қартайып бара жатқанын көру қиынға соғатынын мойындады

Алматының 20 тұрғыны көшеде себепсіз жүргені үшін қамауға алынды

Тағы 23 адамға айыппұл салынды

Маска кимей "Магнумға" кірмекші болған: Компания өкілі сатып алушымен төбелескен күзетшінің қылығын түсіндірді

Ірі супермаркеттер желісінің күзеті маскасыз кіргені үшін қала тұрғынына тап берген

Ақмола облысындағы қарттар үйінде коронавирустың өршуі тіркелді

Ақмолада 19 адамнан вирус анықталды

"Кей әншілердің жұлдыздық каприздері бар": Әншілермен жұмыс істейтін режиссер Мейрамбек Бесбаев жайлы

Режиссер: Мейрамбек аға өзге әншілер секілді емес, бәрін тез қабылдайды

Бұл екпені салдырғандар коронавируспен күресе алады: Дәрігер БЦЖ екпесінің коронавирусқа әсерін айтты

Ғалымдар: БЦЖ екпесін тұрақты қолданатын елдерде коронавируспен ауыратындар аз

Алматыда 7 сәуірден бастап барлық өткізу қағаздары мен жол жүру анықтамалары жойылады

Карантин кезеңінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электрондық дерекқоры құрылды
Çàãðóçêà...