Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда кранның басына шығып алған ер адам 5 тәулікке қамалды

26 тамызда ер адам Тараз қаласының құқық қорғау органдарымен арада туындаған проблемаға назар аударту мақсатында құрылыс кранының төбесіне шығып алған ер адам жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық соты мәлім етті.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтың үстінен бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағында 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.



Іс материалындағы түсініктемеге сәйкес, азамат М. өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іспен келіспейді. Ол өзінің іс-әрекетін басындағы проблемаға назар аударту мақсатында жасағанын түсіндірген.

Сот азамат М-ны ӘҚБтК 434-бабы 1-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасады деп таныды және 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау