Нұр-Сұлтандағы стационарлардың бірінен коронавирустан соңғы науқас жазылып шықты
Үкімет отырысы барысында қала әкімі Көлгінов Нұр-Сұлтандағы COVID-19 бойынша жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайды. Жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді. Пневмониямен жатқан азаматтар саны 45%-ке азайды. Стационарлардың жүктемесі 99%-тен 45%-ке дейін төмендеді. Ауруханаларға қосымша 500 арнайы жабдықдалған төсек орындар, 350 оттегі концентраттарын, 150 флуометр және 2 компьютерлік томограф алдық", - дейді Көлгінов.
Сонымен қатар, қала әкімі баяндама барысында жоспарлы медициналық көмектің қайта жанданытынын тілге тиек етті. Бұл жұмыс қаладағы коронавирусты емдейдтін провизорлық стационарлардың жабылуымен тікелей байланысты екенін түсіндірді әкім.
"Бір апта бұрын 3 аурухана, атап айтқанда: № 1 және 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы, № 2 көпсалалы аурухана жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастап кетті. Психкалық денсаулық орталығынан кеше соңғы пациент жазылып шықты. Жақын күндері орталық өз пациенттерін жоспарлы түрде қабылдайды. 3 тамыздан бастап барлық калалық емханалар жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастайды. Тамыздың 15-не дейін біртіндеп босап жатқан стационарлар санын қысқарту есебінен барлық ауруханалардың толық жұмыс жасауын қамтамасыз етеміз", - дейді ол.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
